136 адам шұғыл арада жер үстіне шығарылды. Бір адам іздестіріліп жатыр. Оқиға кеше түнгі уақытта болған. Кеншілердің бұрғылау жұмыстары кезінде шамадан тыс газ бөлінген. Салдарынан бұрғылаушылар бригадасы жедел қауіпсіз жерге шығарылған. Алайда сол бұрғылау қондырғысының машинисі қалып қойған. Дәл қазір кен орнындағы газ мөлшері қайтадан нормаға келген. Құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Төтенше оқиғаға байланысты мемлекеттік комиссия құрылды.