Шығыс Қазақстан облысындағы Уварово ауылында су тасқыны болу қаупі бар

Аяздың әсерінен Ертіс арналарындағы су деңгейі көтерілгені соншалық, тұрғын үйлерге жақындай бастаған. Қазірдің өзінде құтқарушылар сол жерде жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды “Еуразия” бірінші арнасы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай соңғы рет осыдан 37 жыл бұрын болған. Су қазірдің өзінде қорғаныс бөгетін жарғалы тұрғаны атап өтілді. Әр үйдің жанында су тасқынын болдырмау үшін құм салынған қаптардан бекіністер жасалған. Алдымен ауыл тұрғындары мұзды жарып жіберуді сұрады, бірақ мамандар мұны істемеген дұрыс екенін ескертті, өйткені бұл әрекет жағдайды қиындатуы мүмкін. Ертіс ауылдық округі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Манарбек Мусиннің айтуынша, “Біз мұнда 24 сағат бойы бәрін бақылап отырамыз, күндіз қаптар, материалдар жинаймыз және жағалаудың әлсіз жақтары мен бекіністерді нығайтамыз. Аяз басылды. Аздап жылыды. Ертіс аздап басылды. Менің ойымша, бұл жұмыстар күн жылыған сәтте қиындықтарды еңсеру қолымыздан келеді”, – деп түсіндірді