Қарағандының орталық базары маңындағы жерді бәзбіреулер заңсыз иемденіп, ақылы автотұрақ жасап алған. Осылайша 2 жыл көлемінде үздіксіз пайда тауып келген. Бұл олқылықты аудан прокурорлары анықтады. Айтуларынша, көлемі 2200 шаршы метрден асып, жүздеген көлік сыятын жерге орнатылған шлагбаумдар заңға қайшы. Салдарынан онсыз да көлік нөпірі көп базар маңы нағыз кептеліске айналған. Енді қадағалаушы орган өкілдері әкімшілік заңнаманың 136-бабына сәйкес, жерді заңсыз иемденгендерге қатысты 450 мың теңгеге дейін айыппұл салуы мүмкін.