Екібастұзда сәби төртінші қабаттан құлап кетті

Екібастұзда төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті. 2017 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді. “Баланың жағдайы тұрақты ауыр, операциядан кейінгі кезең қалыпты өтіп жатыр. Дәрігерлер баланың көкбауырын алып тастады. Кішкентай пациент есін біледі. Ем реанимация жағдайында жалғасып жатыр”, – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Бұған дейін Павлодарда бір жасар қыз тоғызыншы қабат терезесінен құлап, дүкеннің күнқағарына түскен. Алайда кейін ауруханада көз жұмды.