Сондай-ақ төтеншеліктер Бұқар жырау ауданында науқасты ауруханаға әкеле жатқан жедел-жәрдем көлігіне жәрдемдесті, деп хабарлайды «Хабар 24». Айта кетейік, Қарағанды облысында кешелі бері жаңбыр аралас қар жауып, жер көктайғаққа айналды. Балқаш пен Алматы арасындағы автобанда мұз қатып, көліктер жүре алмай қалған. Ауыр жүк көліктерінің өзі сырғанап, тоқтай алмай жатыр. Салдарынан Сарышаған кентінен 30 шақырым жерде, кептеліс пайда болды. Қала ішінде де коммуналдық қызмет, жолдарды аршып үлгермей жатыр. Қарға тұрып қалған автобусты жолаушылардың шығарып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ал төтенше жағдай қызметі түнде Ағадыр елді мекенінің маңында қар құрсауында қалған бес адамды құтқарған.