Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында офицердің өзіне қол жұмсағанын хабарлады

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонында әскери бөлім офицерінің өзіне қол жұмсағанын хабарлады. “Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды” делінген министрліктің Телеграм арнасында жариялаған хабарламасында. Orda.kz сайтының хабарлауынша, Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы гарнизонда істеген әскери қызметкер “жүрегіне оқ атқан”. Қаза болған адамның Семейден екені хабарланды. Соңғы хатында әскери қызметкер “ата-анасы мен командирлерінен кешірім сұраған”.