Ол сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 23 жастағы жігіт кәмелетке толмаған қызды тіпті пәтеріне шақырған. Ол лифт батырмаларын басып, қызды лифттен түсірмеген.
Кейінірек әлеуметтік желіде оқушы қызға тиіскен ер адамның өз әрекетін мойындаған видеосы пайда болды. Ол Түркістан облысынан Қарағандыға жұмыс істеуге келгенін айтады. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. “Ер адамның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы – “Ұсақ бұзақылық” анықталды. Сот құқық бұзушыны үш тәулікке әкімшілік қамауға алды”, – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.