2023 жылға арналған президенттік степендия мыңнан астам студентке беріледі

Стипендиялар қазақстандық жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына бөлінеді. Барлығы 55 жоғары оқу орнының студенттеріне 1005, магистранттарға 7 президенттік степендия тағайындалады. Құжат 20 наурызға дейін талқылау үшін ашық НҚА сайтында жарияланған. Президент шәкіртақысы 3 курстан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде де, ақылы негізде де тек “өте жақсы” оқитын күндізгі бөлімнің студенттеріне беріледі. Студенттерге арналған президенттік шәкіртақы мөлшері 73 320 теңге; магистранттарға – 173 974 теңгеге тең.