Қарағандыда көкжөтелден алты айлық бала шетінеді. Қарағандыда көкжөтел жұқтырған 6 айлық бала шетінеп кетті. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Оның айтуынша, балаға ауруға қарсы екпе салынбаған. Айта кету керек, елімізде соңғы екі жылда көкжөтел жұқтырғандар 120 есеге артып отыр. 2022 жылы оның 3 дерегі тіркелсе, былтыр 393 бала осы дертке шалдыққан.