“АрселорМиттал Теміртау” компаниясына экология саласында нақты талаптар қойылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев осылай деп мәлімдеді. “Келер жылға экологиялық рұқсат алу үшін біздің министрлікке қажетті құжаттар жіберілді. Қазір құжаттарды қарап жатырмыз. Егер “АрселорМиттал Теміртау” біз қойған талаптар бойынша нақты ұсыныстарды ұсынбаса, рұқсат ала алмайды”, – деді министр. Басты мақсат – “АрселорМиттал Теміртаудың” зиынды шығарындыларын 2025 жылға дейін 20 пайызға азайту.