Түркиядағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркиядағы бас консул жергілікті билікпен және губернатормен тікелей байланысты.”Бас консулдықтың дипломаттары түнімен барлық инстанцияға хабарласып, ауруханаларды аралап шықты. Қуанышқа орай тізімде қазақстандықтар жоқ”, – деді Смадияров.