Қайғылы оқиға бүгін компанияның металлургиялық зауыты өндірісінде болған. 40 жастағы газ қызметкері қайтыс болды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында “АрселорМиттал Теміртау” шахталарының бірінде газ шықты. Соның салдарынан 5 жұмысшы қаза тапқан болатын. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Кейін 6 қарашада кеніште тағы жұмысшының денесі табылды.