Министр Қайырбек Өскенбаев “АрселорМиттал Теміртауда” болған апатқа қатысты пікір білдірді

“Осы қайғылы оқиғаға қатысты көз жұмған жұмысшылардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Шынында да, “Арселор Миттал Теміртаудың” жұмысы қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда 70-тен аса маман әр министрліктен жұмыс істеп жатыр. Олар “Арселор Миттал Теміртау” компаниясының басшыларына қатысты қатал шешімдер қабылдайтынына сенімдімін. Негізі бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме деген мәселе қаралатын болады”, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.