“Байқоңыр” ауданының 2 сотына Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов және Сәдуақасованы бюджет қаражатын жымқырды деген айыптаумен қылмыстық іс қабылданды”, – деп хабарлады ведомстводан. Сот отырысы ашық өтеді. Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңге. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 28 мамырда ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынды.