Қызылордада мектеп оқушысы пышақ жарақатын алды

№217 мектеп-лицей оқушылары арасындағы төбелестен кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі екі орынбасары жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Төбелес кезінде он бірінші сынып оқушысы параллель сыныпта оқитын балаға пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне шығарылған. “Мектеп директорына қатысты қатаң шара қолданылып, лауазымына сәйкестігі мәселесі қаралады”, – делінген Қызылорда қалалық Білім басқармасының хабарламасында. Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері тергеуді бастап, сараптамалар тағайындады.