Енді 1 миллионнан астам қазақстандық қайта несие рәсімдей алады. Олардың несиелік тарихы қалпына келтірілді. Бірінші несие бюросының мәліметінше, банктен қарыз алып, уақытында төлей алмаған 600 мың адамға “оңалтылды” деген статус берілмепті. Өйткені, шарт бойынша, борышкер ең әуелі кредитін толық жабуы тиіс. Содан кейін 12 ай бойы өзге де проблемалы несиесі болмауы қажет. “Оңалтылды” деген мәртебенің бар-жоғын азаматтар egov.kz порталынан, не болмаса бірінші кредиттік бюроның сайтынан біле алады. Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталығы мен Қазпоштаның бөлімшелерінен де анықтауға болады. .