Министрлік қазақстандықтарға Түркияға бармауға кеңес берді

Мәдениет министрлігі Түркияда эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағанын айтады. Онда соңғы күндері  тәулігіне коронавирусты жұқтырған 50 мыңнан астам адам анықталған. «Осыған байланысты біз Қазақстан азаматтарынан жағдай тұрақталғанға дейін осы елге барудан аулақ болуды сұраймыз. Барған жағдайда эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын мүмкіндігінше сақтаңыздар, қонақ үй маңынан шықпауға тырысыңыз және адамдар көп шоғырланатын орындарға барудан аулақ болыңыздар”  делінген хабарламада.