Қаржы вице-министрі мобильді аударымдарға қатысты тексерістің тәртібін түсіндірді. Алдағы уақыттта мобильді аударымдардің шегін енгізу жоспарланып отыр. Үш ай қатарынан 100 түрлі адамнан жалпы 1 020 000 теңгеден артық мобильді аударым алғандар кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар ретінде қарастырылады.”Мобильді аударымдардың шегі сақталмаса, салықшыларға ескерту жібереді. Егер сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыспасаңыз, онда бәрін түсіндіріп бересіз. Туыстар жіберген ақшадеп оны дәлелдеп берсеңіз, ешқандай сұрақ болмайды”, – деді Кеңбейіл үкіметте өткен брифингте. Оның айтуынша, мобильді аударымдардың шегіне қатысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұған дейін мәжілістегі “Ақжол” фракциясы мобильді аударымдардың шекті сомасын белгілеп, жеке адамдардың ақшасын тексермеуді ұсынған.