Полицейлер видео кейіпкерін анықтады, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі. Полицейлердің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданында үйлену тойы кезінде болған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер аспанға оқ атқан ер адамды анықтады. Ол Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылып, әкімшілік хаттама толтырылды.