Алматы “қызыл” аймақтан шықты

Фото: Inform.kz

“Сары” аймаққа ойысты. Шаһардағы эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. “Сары” аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары бар. “Жасыл” аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасты.