ұл туралы заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева жариялады. Әйел Қарасай орталық аудандық ауруханасының перзентханасына төрт күн бұрын түскен. “Үш жүктілік, үшеуі де сәтсіз болған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын экомен көтерген. Ол баласы да 26 аптасында ішінде шетінеген. Жоспарлы түрде отаға алынды. Үш баласын да жоғалту оңай емес. Қасында дәрісін берген медбикені итеріп жіберіп, өзі секіріп түскен. Кесарь тілігі жасалғаннан кейін үшінші күні секірген”, – деді перзентхана өкілі. “Бізге іштен шетінеп кеткен сәбиімен түсті. Қазір әйелдің жағдайы бірқалыпты. Басына зақым келмеген, қолында жарақаттар бар”, – деді перзентхана меңгерушісі Ғани Қалдыбаев.