Astana LRT экс-басшысы Талғат Арданның АҚШ-та жүргені анықталды. Оны экстрадициялау бойынша шара қолданылуда. Естеріңізге сала кетейік, Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке Интерпол жеңіл рельсті транспорт құрылысы жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық пен жымқыру дерегі бойынша іздеу жариялаған болатын. Бұл іс бойынша тергеу былтыр аяқталып, сот басталған еді. Биыл мамыр айының соңында жеті айыпталушы кінәлі деп танылды. Келтірілген залал 5,8 млрд теңгеге бағаланды.