Алматыда жаңа оқу жылында оқушылар аптасына алты күн оқиды

Алматыда жаңа оқу жылында оқушылар аптасына алты күн оқиды. Бұған дейін білім және ғылым министрлігі алты күндік оқу форматын енгізуді әр мектеп өзі шешетінін хабарлаған еді. Министрлік дерегінше, жаңа оқу жылында 300 мыңнан астам кәмелет жасына толмаған бала мектепте білім алады. Оның 30 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары. Дәстүрлі оқыту форматына көшуге байланысты 32 мыңнан астам педагог коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Тек 4,5 мың адамда медициналық қарсы көрсетілімі бар. Еске сала кетсек, Алматы қаласы білім басқармасының жетекшісі Ләззат Жылқыбаева оқушылар сабақта маскамен отыратынын айтты. Асхана мен дене шынықтыру сабағында ғана маска тақпауға рұқсат.