Астана маңындағы өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр.

Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндірушілері 80 гектар аумақта қураған ағаштарды сөндіруде. “Қарағанды және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары үйлеріне тарады. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы 34 адам, сегіз техника жұмылдырылған”, – деді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері. Елорда әкімдігі еріктілермен бірлесіп, өрт сөндіруге қатысушыларға тамақ тарату ұйымдастырылғанын хабарлады.