Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады.

1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге. Бүгінде елімізде 2 млн 299 мың зейнеткер бар.