Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айрылған қыздың отбасына баспана беріледі

Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айрылған қыздың отбасына баспана беріледі. Бас қала әкімі Жеңіс Қасымбек қыздың отбасына осындай көмек көрсетілетінін айтты. «Көмек жағынан, сақтандыру көлемі 20 миллионның маңайында және әкімшілік қосымша 10 миллион теңге берді. Қазір қосымша тағы 10 милион теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Баспана мәселесін шешіп береміз», – дейді Жеңіс Қасымбек.