Елімізде киберқылмысқа қарсы күрес департаменті интернет желісіне тәулік бойы мониторинг жүргізеді

Елімізде киберқылмысқа қарсы күрес департаменті интернет желісіне тәулік бойы мониторинг жүргізеді. «Балаларды қорғау мемлекеттік саясат пен министрліктің негізгі бағыты. Бүгінде технология өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Интернеттің қауіпті тұсы – заңсыз және зиян контенттердің қолжетімді болып бара жатқандығында. Бұл әлемдік проблема. Біз мүдделі органдармен бірлесіп күресіп, жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. Біріншіден, киберқылмысқа қарсы күрес департаментін құрдық, заңсыз сайттарды бұғаттап жатырмыз», – деді шкі істер министрі Ержан Саденов.