Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Еске сала кетсек, бұған дейін Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше қызметкерді кепілге алған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдерінің айтуынша, кепілге алынғандар арасында банкке келушілер жоқ. Ер адам 7 адамды кепілге алғаны белгілі болған еді.