Астанадағы Kaspi филиалында адамдарды кепілге алу ісі бойынша күдікті қамауға алынды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлихан Мурадовқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Еске сала кетсек, бұған дейін Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше қызметкерді кепілге алған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдерінің айтуынша, кепілге алынғандар арасында банкке келушілер жоқ. Ер адам 7 адамды кепілге алғаны белгілі болған еді.