Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев хабарлады. “Бұл құрылысты қала әкімшілігімен талқыладық. Ең алдымен жұмыс әуежай жақтан басталады. Ал қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алу үшін алдын ала төлем жасауға жұмсалады”, – деді Қарабаев үкімет отырысы кулуарында. Ол қаражат республикалық бюджет комиссиясы отырысында қарастырылғанын айтты.