Қостанайдағы университетте өртке байланысты студенттер эвакуацияланды

Желіде эвакуация сәті түсірілген видео пайда болды. “7-қабатта оқу бөлмесінде кеңсе техникасы өртенді. Қызыл жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыды”, – деді Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Өрттен құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Университет мәліметінше, түтін шыққан кезде бөлмеде студенттер болмаған. Дабыл автоматты түрде қосылған.