Астанадағы тергеу изоляторында тұтқындарды азаптады деген күдікпен ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) екі қызметкері қамауға алынды. Азапталғандардың туыстары шағым түсірген деп хабарлады Информбюро сайты. 25 қаңтарда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер – подполковник Еркін Аманов, майор Хамит Әбдіғали, ҰҚК шекара қызметінің қызметкері Қайрат Сартайды екі айға қамау туралы шешім шығарған. Өзге мәлімет тергеу құпиялығына байланысты айтылмайтыны хабарланды. Бұған дейін Астанадағы тергеу изоляторында қамауда болған тұтқындардың туыстары ҰҚК қызметкерлерінің бір жыл бойы жақындарын азаптағанын айтқан.