Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық кезінде жолдар жабылады. Бас қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау жайында ескертілді. Бүгіннен бастап сәуір айының соңына дейін Астана көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының “Индустриялық қалашық” аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өтеді”, – деп хабарлады қорғаныс министрлігі. Астанадағы жол қозғалысы шектелетін көшелер: Ақжол, Қарашығанақ және Бұйрат көшелері. Өосымша қапар, елордада әскеру шеру 7 мамырда өтеді. Оған 4 мыңнан астам әскерилер қатысады.