Мемлекет басшысы ішкі істер министрлігіне елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаны ерекше бақылауға алуды жүктеді. Президент құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында президент әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің жолын кесу керек екенін айтты. “Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел”, – деді мемлекет басшысы.