Газа секторынан “Рафах” пункты арқылы 92 отандасымыз шықты

Олардың отбасы мүшелері де бақылау-өткізу пунктінен Мысыр аумағына өтті. Сыртқы істер министрлігі осылай деп хабарлады. Бүгін, эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асып жатыр. Жолға шыққан жерлестер жақын арада Каир қаласына жетеді. ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Отандастарымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолданады.