Президенттің айтуынша, мемлекет жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесін енгізеді. «Жұмыссыз қалғаны үшін төленетін әлеуметтік жәрдемақы көлемін кірістің 45%-ына дейін ұлғайтамыз. «Қазақстан халқы» қоғамдық қорына жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 пайызын аударуды қамтамасыз етеміз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.