Байланыс операторлары нашар интернет үшін шамамен 271 миллион теңге айыппұл төледі

Бұл туралы мәжіліс отырысында ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі айтты. «Тиісті заңнамаға өзгерістер енгіздік, байланыс сапасының параметрлерін бекіттік. Егер сізде мәселе туса, біздің министрліктің байланыс комитетіне E-otinish жүйесі арқылы шағым түсіре аласыз. Аумақтық мамандар шығып, барлығын тексереді. Сапа мәселесі бойынша заң бұзушылықтар болса, тиісті айыппұл салынады», – деді Әсет Тұрысов.