Қасым-Жомарт Тоқаев: Той тойлап жүретін уақыт емес. Қазір ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі деді мемлекет басшысы республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында.
”Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік” деді президент.