Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Пекинге барды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Пекинге барды. Тоқаевтың баспасөз қызметі оның 4 ақпанда қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысатынын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, оны Қытай басшысы Си Цзиньпин шақырған. 5 ақпанда Тоқаев Қытай басшысымен келіссөз жүргізеді, онда “екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту мәселесі” талқыланады. Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 95 елінен төрт мыңға жуық спортшы қатысады. Олар спорттың жеті түрі, 15 пәні бойынша жарысып, 109 медальға таласады. Қазақстаннан Олимпиадаға 34 ойыншы қатысады.