Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африканың бірнеше елінде омикрон штамының жаңа түрі табылғанын хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Омикронның BA.2 деп аталатын жаңа кіші түрі континенттің 5 елінде анықталды. Бұл бізді қатты алаңдатады”, – деді вирусолог. Ол қолда бар сынақтар коронавирустың жаңа штамын анықтай алмайтынын, соған байланысты ДДСҰ дүниежүзіндегі бірнеше зертханалармен жұмыс істеп жатқанын түсіндірді. Әзірге ДДСҰ сарапшылары Африкада табылған вирус нұсқасының қаншалықты патогенді екенін айта алмайды.