“Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіру қажет. Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады”, – деді президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте. Айта кетейік, Жаңаөзенде екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылған болатын. Соның салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.