Президент Екібастұздағы төтенше жағдайдан кейін ескерту жасады

Мемлекет басшысы Павлодар облысы әкімі Асайн Байхановтың баяндамасына қатысты пікір білдірді. “Екібастұз энергетикалық торабын жаңғырту – басым бағыт. Үкімет пен әкімдік ГРЭС-1 бірінші энергоблогын уақтылы іске қосуды және ГРЭС-2 жаңа екі блокты салуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл – ел көлеміндегі жобалар. Ал Екібастұз ЖЭО-ны жаңғырту және келесі жылыту маусымына дайындық толық көлемде және мерзімінде орындалуға тиіс. Былтырғы дағдарыстың қайталануына жол берілмеуі керек”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.