Мырзахметов ісі бойынша сот отырысы ашық түрде және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатыр. Оны қорғау үшін төрт адвокат тағайындалды. Айта кетейік, кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысына қылмыстық құқықбұзушылыққа итермелеу, аса ірі мөлшерде және бірнеше рет немесе адамдармен бірігіп пара беру, және аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша іс қаралуда. Одан бөлек, бұл іске сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Талғат Боранбаевтың да қатысы бар екені белгілі болды. Прокурордың айтуынша, Мырзахметов дәл оған қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған.