Маңғыстау облысында қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

Ол тұрғындардың 1 млрд теңге ақшасын қалтасына басқан. “Капитал Мечты” қаржы пирамидасының басшысы алымшыларға ай сайын салынған соманың 10 процентін төлеп тұруға уәде берген. Фирма мүлікті сенімгерлік басқаруға алған. Сот санкциясымен қаржы алаяғы қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілді.