Атырау қаласындағы жеке балабақшада баланы тепкен тәрбиеші жұмыстан куылды

Атырау қаласындағы жеке балабақшада баланы тепкен тәрбиеші жұмыстан куылды. Тәрбиешінің бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. «Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жеке иеліктегі балабақшаға лицензияны білім бақылау департаменті Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті береді», – деді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.