Атырауда балаға қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». «Алтын балық» балабақшасының қызметкеріне қатысты сотта тәрбиеші өз кінәсін мойындады. Соттың шешімі бойынша тәрбиеші 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енбегенімен, қылмыскер қамауға алынған. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желіге тараған балабақшадағы бейнежазба елді дүр сілкіндірген еді. Онда бөбекжай қызметкерінің баланы бастан ұрып, құлағынан тартып, қатыгездік көрсеткені анық көрінеді.