Оралда қарақшы муляж тапаншамен 2 млн теңгеден аса ақшаны жымқырған

Оралда муляж тапаншамен бір күнде бірнеше қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ұрылар алдымен дүкен сатушысын қорқытып, кассада жатқан 75 мың теңгені үптеп кеткен. Ақшаның буы қысқан қаскөйлер мұнымен тоқтамаған. Жарты сағаттан соң ақша айырбастау орнының қызметкері хабарласып, бәзбіреулердің осыған ұқсас жағдайда шабуыл жасағанын айтқан. Қылмыстық топ, кассадан жарты миллион теңге мен үлкен сомадаға шетел валютасын жымқырған. Қазір аталған жайтқа қатысы бар болуы мүмкін үш күдікті қамауға алынды. Оның екеуі Ақтөбе облысының тұрғыны.