Жасөспірім есінен танып қалған. “Жәбірленуші 10-шысынып оқушысы облыстық балалар ауруханасының лор бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа шұғыл хирургиялық көмек қажет емес болды”, – дейді облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов. Алайда жасөспірімге жақ-бет хирургиясы маманының көмегі қажет еді. Атырау облыстық балалар ауруханасында мұндай маман жоқ болғандықтан науқасты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу ұйғарылды. Бұл туралы Sputnik хабарлайды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Баланы соққыға жыққан 11-сынып оқушысы екені анықталды. Барлық куәгерден жауап алынып жатыр.