Рудныйдағы колледж студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған

Сынама нәтижелері соны көрсетті деп хабарлады санитария дәрігерлері. “Зерттеу нәтижелері бойынша дайын өнімнің барлық сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларынан да патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияны тасымалдаушы асхана қызметкерлері болуы мүмкін”, – деді Қостанай облысының Cанитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі. Тексеріс барысында санитария ережелері сақталмағаны анықталды. Мамандар профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді. Ауруханаға жатқызылған 14 студент ауруханадан шығарылды.