Атырауда облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты сот басталды. Оған “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды “Ақ Жайық” басылымы. Еске салсақ, ол 2019 жылы ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары болып тұрған кезде Құрманғазы ауданындағы “Бұйырғын” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 миллион теңге инвестициялық субсидияны заңсыз төлеген деп айыпталды.